Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 350-79-99 (call-center)

8 (701) 513-11-55 (call-center)

8 (701) 233-58-88 (call-center)

8(700) 550-91-22(Helpdesk)

Басты бет Басты Студент пікірлер

Студент пікірлер

Мен Тұрғанбаев Асан Д.А.Қонаев атындағы Евразиялық Заң академиясының 1-курс ҚТ-19-ҚБ-02 студентімін.

Бұл академияға түсу мен үшін арман болатын. Міне сол арманымда орындалды! Академиямызды еліміздегі ЖОО ішіндегі беделді, абыройы асқақтаған, білікті маман дайындап шығаратын сапалы жер деп есептеймін!

Мен өзімді Қонаев академиясымен бірге бақытты сезінемін! 

Дайындаған: Есенгужанова Шәрбану Қинаятқазықызы 

Топ: ҚТ-19-ҚБ-02 Төменде көрсетілген студенттерден сұхбат алдым:

 Маратова Назерке (ҚҚҚ-19-ҚБ -05)

 Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының  1 курс студентімін. Құқық қорғау қызметімен  қазақ  бөлімінде оқып жатырмын. Бұл академия Қазақстанның  ең беделді ЖОО біріне жатады. Менің бұл оқуды,Академияны таңдаған себебім біріншіден адамдардың құқықтарын қорғау заң жағына катты қызығатынмын  солай-солай бұл менің арманыма айналды.  Ал бұл ЖОО таңдаған себебім туысқандарымның айтуы бойынша және әлеуметтік желідегы ең жақсы, білімді оқу  орны екендігін білдім. Бұл академия маған қатты ұнайды  сабақ жағынанда ұстаздардың берген білімі, сабақ беру тактикасы ерекше еді жәнеде бұл академияның жатақханасында да барлық жағдай жасалған.

Сұлтанов Ермек (ҚТ-19-ҚБ-01)

Мен Сұлтанов Ермек Ерболатұлы,2019 жылы Д.А.Қонаев атындағы Заң академиясына оқуға түстім. Құқықтану мамандығы бойынша 1 курс табалдырығын аттап,оқуымды бастаған болатынмын. Академияны таңдаған себебім, балалық шағымнан армандап келе жатқан мамандығым осы академиямен тікелей байланысты болатын.

Жалпы, академияны ғаламтор желісі арқылы іздеп, ойымдағы ЖОО таптым.

Өзімнің таңдауыма өте қуаныштымын. Небәрі 2 апта ішінде бірнеше керек нәрселерді үйрендім және көптеген достармен танысқан болатынмын. Академия туралы айта берсем көп. Студенттерге жасалған жағдайы жақсы екен. Оқиын десең кітапхана бар, спортпен шұғылданғың келсе үлкен спортзал бар, қарның ашса асхана бар. Айтатын болсақ аудиториялар өте үлкен. Академияның өзі де қаланың ортасында орналасқан. Тек жатақханасы академиядан 8 км алыста орналасқаны студенттерге қиын. Қазіргі таңда академияның қасында жаңа жатақхана салынып жатыр және соны асыға күтудеміз. Осындай көптеген жағдайлар жасап жатқан академия ректоры Ө.Ш.Жалаири атамызға алғысым шексіз.

Оқуды бітіріп, академияның білімін абыроймен алып шығып, жақсы маман иесі боламын деген ойдамын.

Салауатқызы Ақбұлақ (ҚҚҚ -18-ҚБ-02)

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының студенті болу көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл академия Қазақстандағы  сонымен қатар  ТМД қатарындағы ең үздік заңгерлер дайындап шығарады. Сонымен қатар студенттік өмірді керемет есте қаларлықтай өткізуге керемет мүмкіндіктер жасайды. Академиядағы әр салаға арналған студенттік клубтар студенттің жан жақты дамуына үлкен үлесін қосады. Біздің Академия түлектері  үздік оратор, мықты лидер қасиеттерін  бойларыны сіңіріп, жақсы  маман иесіне лайық дәрежеде бітіреді. Сол себептен де  біздің академияны тандасаңыздар, қателеспейсіздер.

Мен Серікқызы Салтанат қазіргі уақытта Д.А.Қонаев Еуразиялық заң академиясында білім алып жатырмын. Мен неге бұл университеті таңдаған? Себебім Қонаев – заң саласындағы ең дамыған, жоғары білімді жер болғандықтан, бұл универде нағыз маман болып шығамын деп ойлаймын. Бұл универде келгеннен бастап кураторым да, группаластарым да өте жылы қарсы алды. Группаның старостасы болдым. Өте белсенді, көңілді, мейірімді студенттермен таныстым. Олар маған өзімнің старосталық қызметімді атқаруға үнемі көмектесетін. Жиі бірге қыдырып, көңіл көтеріп тұрамыз. Универде түрлі клубтар жұмыс жасайды. Барлық клуб түрлерімен танысу үшін түсіндіру жұмыстары жұргізілді. Солардың қатарнан ең бірінші Arbitrage клубын таңдадым. Мен мектеп кезінен дебатпен айналысып, түрлі жарыстарға барып жүргем, сондықтан бірден дебатқа бірінші болып жазылды. Ал екінші лига волонтеровқа тіркелдім. Маған бұрыннан волонтер болып жұмыс жасау ұнайтын. Бірақ мұндай клуб мектепте болмағандықтан қатыса алмаған болатынмын. Универде мұндай клуб бар екенін біліп қатты қуандым. Және А club клубына жазылдым. Бұл клуб нағыз араторлардың орталығы деп санаймын. Сол себепті бұл өзімді осы саладан да сынап көруді жөн көрдім. Универге кез келген оқушы түсе алмайды. 50 баллдан жоғары жинаған түлек академияның ақылы бөліміне тапсыра алады. Кейін өзіннің грантқа лайықты екеніңді дәлелдеп, ауысып алуға болады. Академияда дамуға жолдар өте көп. Тек студенттердің ынтасы болса болғаны. Құрметті түлектер барлықтарыңды Қонаев атындағы зан академиясына шақырамын! Тек біздің академияда ғана мықты маман бола аласыз

Санаев Рустем (ҚТ-19-ҚБ-02): Мен Санаев Рустем Карасаевич, 2019 жылы Д.А.Қонаев атындағы заң академиясына оқуға түстім. Құқықтану мамандығы бойынша 1 курс табалдырығын аттап, оқуымды бастадым. Менің осы академияны таңдаған себебім, ғаламтор желісі арқылы қарап, барлап, бағдарлап түсемін деп шештім. Өзімнің таңдауыма өте қатты қуаныштымын. Зерттей келе академияның жақсы қырларын байқадым. Айта берсем көп екен. Сондай-ақ студеттерге жасалған жағдай жақсы екен. Айтатын болсақ аудиториялар өте үлкен екен. Кітапханасын қалдырмаған жөн. Қызықты ақпараттарға сүйенетін болсам 250 000-нан астам кітап бар екен, бұл мені таңқалдырды. Дәріс беруші, оқытушылардың барлығы өте сауатты профессорлар, заң ғылымдарының докторлары бір академияда шоғырланған екен. Академиямыз өте кең, ыңғайлы жерде орналасқан, жатаханада жеткілікті. Бұл орайда өзіміздің академия ректоры Ө.Ш. Жалаири атамызға үлкен алғысымызды білдірген жөн деп санаймын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, алғысымды білдіремін. Осы оқуды тәмәмдаған соң, жақсы маман иесі болып, академияның білімін абыроймен алып шығып, Қазақстаныма адам қызмет етуге барымды да, нарымды да саламын

Жумабаева Мәншүк (ҚТ-19-ҚБ-02): Мен Жумабаева Мәншүк Д.А.Қонаев атындағы Заң академиясының бірінші курс студенттімін. Мен құқықтану мамандығына түстім. Академия жайлы интернеттен қараған болатынмын. Мен академияны қараған соң ,тереңірек зерттей түстім. Маған академия қатты ұнады. Себебі өте көп жеіңлдіктер және қаламыздың ең білімді профессорлары мен мұғалімдері дәріс жүргізеді екен. Сонымен қатар Қазақстанның ең үзік заң академияларының бірі. Көп студенттер осы Қонаев акдемиясында білім алады екен. Сонымен қатар академия қаланың ортасында орналасқан. жатақхана, асхана, қызықты уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған.кітапхана, клубтар бар. Түрлі іс шаралар, қызықты студенттік өмір сонымен қатар ең керемет клубтар бар екенін білдім. Еліміздің әншілері, танымал актерлері Қонаев академиясына келіп мерекелік концерт ұйымдастырады екен. Расында менің ойымша солай. Себебі ең алғаш академияға келгенде барлығада рас екеніне көзім жетті және 1-ші күннен ақ мереклік концерт, іс шаралар орын алды. Әрине студенттік өмірге енді ғана қадам басып жатырмын. Алда әлі өте көп қызықтар орын алатынына кәмілсіз сенемін. Мен Қонаев академиясын таңдағаныма еш өкінбеймін. Білімімді осы академияда тереңдетіп, жақсы заңгер болып шықсам деймін.

Досмаилова Ақтұмар (ҚТ-19-ҚБ-02): Мен Ақтұмар, академияның бірінші курс студенттімін. Біздің академия өте үлкен, әрі әдемі әсіресе биіктігі. Дәріс беруші профессорлар өте жақсы мамандандырылған жандар. Білім ордасының атмосферасы өте керемет. Айналасы таза әрі әсем. Бірінші рет студент болғанымнан ба, басында қызықсыз болды. Бірақ уақыт өте келе бар қызық осы академияда екенін түсіндім. Асхана кішілеу болғанымен, тағамдар өте дәмді.

Яхия Назерке(ҚТ-19-ҚБ-02): Мен Яхия Назерке, Д.А.Қонаев атындағы Заң Академиясының бірінші курс студентімін. Академия меніңше ең керемет білім беретін орда. Мұндағы атмосфера өте керемет. Бірінші күннен бастап, жақсы көңіл-күймен бізді қарсы алды. Оқытушылардың бізге беретін білімдері өте түсінікті.Әр сабақтан өзіме қажетті білімді алып шығамын. Алдағы 4 жылым қызықты өтеді деп ойлаймын. Күмәнсіз сенемін!

Әділбеков Дамир (ҚТ-19-ҚБ-02): Мен Дамир, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының бірінші курсында оқимын. Академияны мен осы жерде оқитын таныстарым арқылы білдім. Өте жақсы ой-пікірлерді естігеннен кейін, не үшін құжаттарымды осы жерге тапсырмасқа деп ойладым. Және де дұрыс шешім қабылдағаныма сенемін. Академиямыз жайлы айта кететін болсам, іші өте таза әрі кең. Дәріс беруші профессорлар өз мамандығының шеберлері. Мұнда тек қана дәріс алып қана қоймай, өзіңді басқа жағынан да көрсетуге болады екен. Мысалға айтатын болсақ, әртүрлі клубтар бар екен. Соларға жазылып, алдағы уақытта өзімді жан-жақтан көрсетемін деген ойдамын

Ізғалиева Бекзат Бақтығалиқызы. Қт-19-ҚБ-01 1-курс студенті Менің таңдауым – Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы Университетті таңдау – бұл әрбір адам үшін маңызды және күрделі шешім. Мен көптеген университеттерді қарастырдым, олардың әрқайсысының мен үшін өз артықшылықтары мен кемшіліктері болды. Нәтижесінде, мен Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясын таңдадым. Академияда білім алудың негізгі артықшылықтары ретінде мен мыналарды белгілер едім: - біріншіден, студенттердің мектептен алған білім нәтижесіне ерекше назар аудара отырып, сапалы және ректордың атынан тегін білім алу мүмкіндігін беруі, яғни академияға түсетін талапкерлерге ректордың ұсынатын түрлі жеңілдіктері бар. Өзім де ректордың бөлген грантында оқып жатырмын. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш және ата-анама да үлкен көмек;

- екіншіден, жоғары деңгейдегі университеттермен әріптестік және үздік оқытушылар;

- үшіншіден, студенттердің кітапханаға, жатақханаларға, асханаларға, спорт орталықтарына және басқа да ресурстарға қолжетімділігі.

Мұнда оқитын студенттер өте ақылды, еңбекқор, жылы шырайлы белсенді және барлығы бір отбасының балаларындай тату. Оқуға келген бірінші күнімізден бастап жылы қарсы алып, өздерінің аға-әпкелік ақылдарын айтып, болашағымызға деген сенімімізді одан әрі жандандыра түсті. Академияда өзін-өзі дамытқысы келетін студенттер үшін қолөнер, би сияқты түрлі қосымша үйірмелер бар. Бұл студенттердің уақыттарын бос өткізбеуіне және жан-жақты, білімді болуына көп септігін тигізеді. Менің оқуым тек білім беру мақсаттарыма жету үшін ғана емес, сонымен қатар менің болашақ мансабым үшін де маңызды болатын көшбасшылық дағдыларымды толықтырады деген ойдамын. Мен осы академияда оқып жүргенімді мақтанышпен айта аламын.

Жаңалықтар

Жалпы ақпарат!
30.06.2020 Толығырық...
2020-2021 жаңа оқу жылына, жаңа жатақхананың ашылуы Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
20.05.2020 Толығырық...
Аға оқытушы Күнай Хавдал видео-дәріс
15.05.2020 Толығырық...
Білім беру бағдарламалары туралы ақпараттық роликтер
11.05.2020 Толығырық...
«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқ«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020
«JAS team» командасы-Бәріміз де біргеміз!!!
23.04.2020 Толығырық...
«Өнегелі Өмір»
17.04.2020 Толығырық...
ҚР Конституциялық құқығы оқулығын дайындауда
17.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық пәндер кафедрасының отырысы
16.04.2020 Толығырық...
«ӨМІРБҰЛАҚ» СТЕЛАСЫ
15.04.2020 Толығырық...
Денсаулық-зор, байлық!!
04.04.2020 Толығырық...
Карантин кезеңінде «Biz birgemiz!»
03.04.2020 Толығырық...
Ақпараттық хат 2
26.03.2020 Толығырық...
Ақпараттық хат
16.03.2020 Толығырық...
3923051
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
5093
7327
27065
3843604
12420
214568
3923051

Сіздің IP: 3.235.22.104
Уақыт: 2020-07-02 16:36:55
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:

 

 

Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Телефондар:

8 (727) 350-78-88

8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау)

8 (701) 233-58-88 (ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

Факс: 2929877

Whats Up: 8 (701) 513 11 55

  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube