Басты бет Басты Бірлік Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

001Магистр дипломы осыдан он жыл бұрын жұмыс бе­рушілердің арасында «мәдени серпіліс» туғызды,со­нымен қатар, ешкім магистратура дегеніміз не және ол кімдерге арналғаны жөнінде толық түсінік бере алмады.Ал, бүгінгі күні барлығы өзгерді: нақты ма­гистр арнайы дағдыны меңгерген толыққанды дай­ындалған бітіруші болып табылады.

Магистратура лайықты білім алудың ең қысқа жолы, қажетті қызметке орналасуға мүмкіндік, мансаптық өсуге дара жол болып табылады. Магистр дәреже­сі білімнің жоғарғы сатысы және жаңа сапасының көрінісін байқатады. Білім алушыларға магистрату­ра не береді - бұл еңбек нарығындағы бәсекелестік мүмкіндігі, яғни, зерттеу қызметімен айналысуға жол ашу немесе мамандық бойынша қызмет атқару.

Біреулер үшін магистратура академиялық мансап­тың алғашқы баспалдағы, яғни бұл бағытта білім алушыларға магистратура нақты ғылыми зертте­улерге қатысуға, мақала дайындап, конференци­яларға қатысуға мүмкіндік береді.Келесі бағытта білім алушыларға бұл, арнайы пәндерді меңгеруге, сұранысқа ие құқыққорғау органдарында және мем­лекеттік қызметке, сонымен қатар, мамандық бой­ынша жұмысқа орналасу жағынан жаңа мүмкіндік­тер туғызады.

«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Респу­бликасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасына, сонымен қатар, «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдарына сәйкес бакалавриат, ма­гистратура және PhD докторантура арқылы кадрлар­ды дайындауда көпсатылы үздіксіз жүйені жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білімде қалып­тастырды.Бұл үшсатылы жүйе ғылыми-зерттеу қыз­метімен үйлесіп оқыту компонентіне негізделеді.

Қазіргі кезде Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «құқықтану» және «халықаралық құқық» мамандықтары бойынша бакалавриатта жоғары кәсіби білім алып, «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсу емтихандарын сәтті тапсырған жағдайда магистратура, ары қарай докторантурада оқуға болады. Магистратура және доктарантураға жоғары білімі бар Қазақстан азаматымен қатар ше­тел азаматтары да мамандық бойынша шет тілінен «түсу сынақтарынан» өткен жағдайда оқуға қабыл­дана береді.

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы алдына келесідей мақсат қояды халықаралық еңбек нарығында баламалы магистр дипломымен қамтам­сыз ету үшін кәсіби білімді алу барысында дамыған оқыту технологияларымен және академиялық озық ойлармен қаматамсыз ету.

Осы мақсаттарға қол жеткізуде біздің түлек:

  • Оқу жұмыс жопарында белгіленген мерзімді орындау қажет;
  • Біздің дәстүрі мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау керек;
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қажет.

Біздің академияның айрықша ерекшелігі - алқа­лық рухы мен бір-біріне деген сыйластығы болып табылады.

Біздің мақсатымыз білім алушыларға мүмкіндік, қа­білет және әлеуетті қалыптастыруда көмек беру. Біз өзара сенімділік қағидасымен жұмыс жасап және оны біздің басқару жүейсі аясында көрсетеміз.

Академия таңдаған мамандық бойынша табысты және шығармашылық оқытуға жағдай жасайды. Ма­гистрлерді дайындау 2006 жылдан жүзеге асып ке­леді. Осы уақыт аралығында академия 338 магистр дайындады. Магистратураға деген көзқарастың өзгергенін салыстырмалы түрде келесідей мәлімет­терден байқауға болады. 2008 жылы бітіруші маги­стрлер саны 2 адам. 2016 жылы бітіруші магистрлер саны 81 адам. 2017 жылы бітіруші магистрлер саны 185 адам болады деген болжам бар.

Жаңалықтар

Жалпы ақпарат!
30.06.2020 Толығырық...
2020-2021 жаңа оқу жылына, жаңа жатақхананың ашылуы Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
20.05.2020 Толығырық...
Аға оқытушы Күнай Хавдал видео-дәріс
15.05.2020 Толығырық...
Білім беру бағдарламалары туралы ақпараттық роликтер
11.05.2020 Толығырық...
«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқ«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020
«JAS team» командасы-Бәріміз де біргеміз!!!
23.04.2020 Толығырық...
«Өнегелі Өмір»
17.04.2020 Толығырық...
ҚР Конституциялық құқығы оқулығын дайындауда
17.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық пәндер кафедрасының отырысы
16.04.2020 Толығырық...
«ӨМІРБҰЛАҚ» СТЕЛАСЫ
15.04.2020 Толығырық...
Денсаулық-зор, байлық!!
04.04.2020 Толығырық...
Карантин кезеңінде «Biz birgemiz!»
03.04.2020 Толығырық...
Ақпараттық хат 2
26.03.2020 Толығырық...
Ақпараттық хат
16.03.2020 Толығырық...