Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 350-79-99 (call-center)

8 (701) 513-11-55 (call-center)

8(700) 550-91-22(Helpdesk)

АКАДЕМИЯ ТАРИХЫ

h2

Егемендігін алған жас Қазақстан алдына түрлі салаларда жоға­ры маманданған қызметкерлерді дайындау ісі – стратегиялық аса маңызды мәселе болып қойылды. Бұл істе сырттан көмек күту мүмкін емес еді.Сондықтан да ел басшылары Қазақстандағы білім беру жүйелерін барынша жетілдіре отырып, ішкі қорларды дамыта пайдалануға көңіл бөлуге шақырды. Осының нәтижесін­де Қазақстанда мамандарды даярлаудың мемлекеттік жүйесімен бірге жекеменшік оқу орындары жүйесі қалыптасып дамыды. Бұл үрдіске Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхам­мед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілген Университет те белсене араласты.h1

1993 жылы Д.А.Қонаевтың өзінің ақ батасымен өмірге жолда­ма алған университет қазіргі таңда да ұлы тұлғаның есімін зор мақтаныш тұтады.

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы 1993 жылы «Д.А.Қонаев атындағы колледж» – мемлекеттік емес, жекеменшік жоғары оқу орны ретінде ірге тасын қалады. 1994 жылы колледж базасы негізінде Д.А.Қонаев атындағы Қазақтың гуманитарлық институты құрылды.

1995 жылы Қазақтың гуманитарлық институты Д.А.Қонаев атын­дағы гуманитарлық институт болып қайта құрылса, 2000 жылдың 11 шілдесінен бастап Д.А.Қонаев атындағы университет болып аталып келді. Ең соңында 2015 жыл ЖОО-нын дамытудың алдағы жаңа мүмкіндіктері белгіленді: Болон үрдісі қағидаттарын жүзе­ге асыру шеңберінде мамандарды даярлау әрі Еуропа және ЕАЭО ЖОО-мен біріккен білім беру бағдарламаларын дамыту мақсаты алға қойылды, бұл халықаралық біліктілікті қамтитын және оның салалық бағытын көрсететін – Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы сынды жаңа атауға жол ашты.

h4

Алғашқыда академия құрамына Астана, Қарағанды, Талдықорған қалаларындағы 3 аймақтық филиал енсе, қазір академия құра­мында Алматы және Талғар қалаларында орналасқан 3 колледж бар.

Академия Алматы қаласының орталық, «студенттік» бөлігін­де, Құрманғазы және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан.

Академияның өзінің оқу-әдістемелік кешені – студенттердің жан- жақты білім алуына, әкімшілік басқару және оқытушылық құра­мының жұмысына қолайлы жағдай туғызып отыр.

Академияның талапқа сай жабдықталған криминалистика поли­гоны, арнаулы зертханалары, сот отырыс залы, әлемдік ақпаратқа шығарылатын «Ғаламтор» («Интернет») жүйесі, ең жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған комьпютер сыныптары бар. Академия белгілі ғылыми орталық деген атына сай заң ғылымдары бойынша PhD магистранттары мен докторанттарын даярлайды.

2011 жылы Ө.Ш.Жалаири бастама көтеріп, Дәнекер» халықаралық

құқық және халықаралық бизнес институтымен бірігіп Д.А.Қонаев атындағы университетте кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі Біріккен диссертациялық кеңес ашылады. 2008 жылы бұл Кеңес Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетімен бірге докторлық Біріккен диссертациялық Кеңеске айналды, оған тек Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы халықаралық құқық және сот билігі сынды үлкен сұранысқа ие ғылыми мамандықтар бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғау істері сеніп тапсырылды.h3

Академияның диссертациялық кеңесі шын мәнінде «халықаралық» еді. Оның құрамында белгілі шетелдік заңгер-ғалымдар: Ресейден з.ғ.д., профессорлар А.С.Автономов, Е.Б.Мизулина, Г.М.Вильяминов, Өзбекстаннан з.ғ.д., профессорлар Алимов К.З., Мирзаев Т.Р., Маткаримова Г., Рахманов А.Р. болды. Диссертациялық кеңесте 200-ден астам адам кандидаттық, 15 адам докторлық диссертация қорғады, Олардың арасында Въетнам мен ҚХР-ның жас ғалымдары да бар. Іргетасы қаланғалы бері Академия ұжымның арқасында Республиканың білім нарығынан лайықты орын алып, өзін дәлелдей білді, сөйтіп Қазақстанның үшінші мыңжылдықта қарыштай дамуы үшін қоғам қажетіне жарар мамандарды даярлауға сүбелі үлес қосуын жалғастыруда. Д.А.Қонаев атындағы Академияның түлектерінің өздеріне ең басты байлық – білім берген, кәсіби, мансап жоспары жағынан жаңа

көкжиектер ашқан өзінің «Alma Materін» мақтаныш тұтуға хақылары бар. Бүгінде Академияның барлық түлектері дерлік түрлі мемлекеттік басқармаларда, құқық қорғау және сот органдарында, банк-қаржы, жекеменшік кәсіпкерлік салаларында жемісті еңбек етуде.

Осылайша, 25 жылдық ғұмырында Академия жоғары білімді мамандарды даярлауға әрі Қазақстанның заң ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосты.

«Тек өткендегі табыстармен мақтанбай, ғылым-білім беру қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырған жөн» - Академияның басты ұстанымы және ұраны осындай.

 

Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰРМЕТТІ АКАДЕМИЯ ҚОНАҚТАРЫ!
25.09.2020 Толығырық...
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының заң клиникасы
25.09.2020 Толығырық...
ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция
25.08.2020 Толығырық...
Жалпы ақпарат!
30.06.2020 Толығырық...
2020-2021 жаңа оқу жылына, жаңа жатақхананың ашылуы Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
20.05.2020 Толығырық...
Аға оқытушы Күнай Хавдал видео-дәріс
15.05.2020 Толығырық...
Білім беру бағдарламалары туралы ақпараттық роликтер
11.05.2020 Толығырық...
Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқ«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020
«JAS team» командасы-Бәріміз де біргеміз!!!
23.04.2020 Толығырық...
«Өнегелі Өмір»
17.04.2020 Толығырық...
ҚР Конституциялық құқығы оқулығын дайындауда
17.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық пәндер кафедрасының отырысы
16.04.2020 Толығырық...
«ӨМІРБҰЛАҚ» СТЕЛАСЫ
15.04.2020 Толығырық...
Денсаулық-зор, байлық!!
04.04.2020 Толығырық...
Карантин кезеңінде «Biz birgemiz!»
03.04.2020 Толығырық...
4618632
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
1875
4874
18217
4567880
85997
150760
4618632

Сіздің IP: 3.238.8.102
Уақыт: 2020-10-22 07:06:00
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:

 

 

Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Телефондар:

8 (727) 350-78-88

8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау)

Факс: 2929877

Whats Up: 8 (701) 513 11 55

  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube