Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 350-79-99 (call-center)

8 (701) 513-11-55 (call-center)

8(700) 550-91-22(Helpdesk)

Басты бет Басты Қамқоршылар кеңесі Орта мәзірі КХҚжКІ кафедрасының тарихы

КХҚжКІ кафедрасының тарихы

13

            «Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі» кафедрасы республиканың мемлекеттік-құқықтық дамуының күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіндігі бар мықты ғылыми әлеуетіне ие. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы бай педагогикалық, оқу және ғылыми тәжірибесін меңгерген.

Кафедраны атақты заңгер, ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Айтхожин К.К. басқарады. Кафедраның штаттық оқытушы-профессорлық құрамына 9 заң ғылымдарының докторлары енген, олардың арасында з.ғ.д., профессор, ҚР Жоғары мектеп ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, академия ректоры, Жалайри Ө.Ш., з.ғ.д., профессор Алибаева Г.А., з.ғ.д., профессор Алдибеков Ж.С., з.ғ.д., профессор Байсалова Г.Т., з.ғ.д., профессор Бекбаев Е.З., з.ғ.д., профессор Дуйсенов Э.Э., з.ғ.д., профессор Саматов О.Ж., з.ғ.д., профессор Ракимбаев Э.Н. сияқты көрнекті ғалымдар; 7 заң ғылымдарының кандидаттары з.ғ.к., доцент Әбілда Д.Ә., доцент з.ғ.к., доцент Биржанова К.С., з.ғ.к., доцент Наурызбаева Р.К., з.ғ.к., доцент Ильясова Б.Қ., з.ғ.к., доцент Кыдырханова Г.К., з.ғ.к., доцент Майбасаров О.К., з.ғ.к., доцент Тагаев А.У, олардың ішінде Қазақстанның жоғары мектебінің еңбек сіңірген жұмыскері, 1 класс әділет кеңесшісі, профессор Құдайбергенов У.Д.; сондай-ақ 5 аға оқытушы м.ю.н., Алпысбаева Э.С., м.ю.н., Адилов Д.Д., м.м.п., Жунисов Ж.С., м.ю.н., Тарап Ж.Д., Хавдал К.Х.және 5 оқытушы м.ю.н., Алихан Қ.Н., м.ю.н., Ли С.О., м.ю.н., Асанова А.А., м.ю.н., Музапар Д.Ж., Алтынбаев Е.Т. қызмет атқарады.

Кафедраның негізгі ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының, мемлекет және құқық теорияларының, ҚР конституциялық құқығының, ҚР әкімшілік құқығының, шет елдердің конституциялық құқығының, халықаралық жария құқығының мәселелерін, сонымен қатар адамның және азаматтың бостандықтары мен құқықтарын қорғау және қамтамасыздандыру, кеден ісі сұрақтарын зерттеу болып табылады. Сондай-ақ, кафедра мемлекеттік билік салалары органдарының шынайы әрекеттестік теориясы мен тәжірибесі мәселелерін шешуде және дайындауда белсенді ат салысады.

Кафедра Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің сенімді серігі болып табылады. Оның Конституциялық Кеңеспен ынтымақтастығы көптеген бағыттарды қамтиды, ең бастысы – академия ғалымдарының конституциялық өндіріске қатысуы мен ғылыми-зерттеу жұмысы болып келеді.

Заң ғылымының докторлары, профессорлары Жалаири Ө.Ш. пен К.К.Айтхожин Тамыз оқулар секілді, Республика Конституциясы күніне орайланған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, сондай-ақ Конституциялық Кеңес бастамасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер мен тағы басқа көптеген іс-шараларға жүйелі түрде қатысуда. Заң ғылымының докторлары, профессорлары Ө.Ш. Жалайри, К.К.Айтхожин мен Г.А. Алибаев 2010 ж. және 2015 ж. Конституцияның 15-жылдығы мен 20-жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Конституциясына ғылыми-тәжірибелік түсіндірмелерді дайындауға атсалысты. 2015 жылы Заң ғылымының докторлары, Ө.Ш. Жалайри пен К.К.Айтхожин Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-жылдығына арналған «Қазаұстандағы конституциялық бақылау: конституционализмді бекітудің доктринасы мен тәжірибесі» атты ұжымдық монография дайындауына қатысты. Конституциялық Кеңестің өндірісіндегі барлық жұмыстары бойынша Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының пікірі сұралады, ал заң ғылымының докторлары, профессорлары Ө.Ш. Жалайри мен К.К. Айтхожин сараптық қорытындыларды беруге үнемі қатысуда. Профессор К.К. Айтхожин БҰҰ Жоғары Комиссар Басқармасының ҚР бойынша адам құқығы жөнінде кеңесші болып табылады. Доцент К.С. Биржанова ҚР Конституциялық Кеңесімен ұйымдастырылған ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған ғылыми мақалалардың республикалық байқауына қатысты.

Кафедрада монография, оқу құралы, диссертация және өзге де ғылыми жұмыстарды үнемі талқылау өтеді.

       Қазіргі уақытта заң ғылымдарының докторы, профессор Жалайри Ө. Ш., Алибаева Г.А. көрнекті мемлекеттанушы ғалымдар ретінде Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясының біріккен диссертациялық кеңесінің мүшелері болып табылады.

Кафедра қызметкерлері студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен көңіл бөледі. Кафедрада жас ғалымдардың «Интеллект» ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді, онда студенттер мен магистранттар Қазақстан Республикасындағы, ТМД елдеріндегі және шет елдердегі конституциялық құрылыстың аса өткір және ғаламдық мәселелері қойылып, талқыланады. Кафедрада тұрақты магистрлік оқулар өткізіледі, онда жас ғалымдардың ғылыми ізденістерінің нәтижелері талқыланады.

Кафедраның жетекші оқытушылары Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық, әкімшілік және халықаралық құқық бойынша студенттік ғылыми секцияларды жүргізеді.

Кафедра конституциялық және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша академиялық, университеттік, республикалық және халықаралық конференцияларды үнемі ұйымдастырады, сондай-ақ студенттер мен магистранттар арасында құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлерін шақырумен Белсенді тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Кафедра Президент Әкімшілігімен, Парламентпен, Үкіметпен, Конституциялық Кеңеспен, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтасады. Заң ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ш. Жалаири мен заң ғылымдарының докторы, профессор К.К. Айтхожин Республика Конституциясы күніне арналған Тамыз оқуларын қоса алғанда, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен адам құқықтары жөніндегі уәкіл желісі бойынша өткізілетін дөңгелек үстелдерге және өзге де іс-шараларға тұрақты түрде қатысады. Бұдан басқа, олар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің іс жүргізуіндегі материалдар бойынша ресми қорытындылар беруге үнемі қатысады.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ш. Жалаири, К.К. Айтхожин, Г.А. Алибаева еліміздің Негізгі Заңының қабылдануының 15 жылдығына және 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының ғылыми-практикалық түсіндірмелерін дайындауға қатысты.

«Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі» кафедрасының ОПҚ-ы ҚР білім саласындағы еңбектері үшін мемлекеттік сыйларға, құрмет атақтарына, құрмет мадақтамаларына ие, олардың ішінде:

2015-2016 оқу жылы профессор Жалаири Ө.Ш., з.ғ.д., профессор Айтхожин К.К., з.ғ.д., профессор Алибаева Г.А. ҚР Конституциясы 20-жылдығына арналған мерейтойлық мемлекеттік сыйлы алқалармен марапатталды; профессор Жалаири Ө.Ш., білікті мамандар дайындығына сіңірген еңбегі үшін Қазақстандық заңгерлер одағы мен ҚР әділет министрлігімен құрылған «Қазақстанның құрметті заңгері» төсбелгісіне ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының заң клиникасы
25.09.2020 Толығырық...
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰРМЕТТІ АКАДЕМИЯ ҚОНАҚТАРЫ!
25.09.2020 Толығырық...
ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция
25.08.2020 Толығырық...
Жалпы ақпарат!
30.06.2020 Толығырық...
2020-2021 жаңа оқу жылына, жаңа жатақхананың ашылуы Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
20.05.2020 Толығырық...
Аға оқытушы Күнай Хавдал видео-дәріс
15.05.2020 Толығырық...
Білім беру бағдарламалары туралы ақпараттық роликтер
11.05.2020 Толығырық...
Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқ«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020
«JAS team» командасы-Бәріміз де біргеміз!!!
23.04.2020 Толығырық...
«Өнегелі Өмір»
17.04.2020 Толығырық...
ҚР Конституциялық құқығы оқулығын дайындауда
17.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық пәндер кафедрасының отырысы
16.04.2020 Толығырық...
«ӨМІРБҰЛАҚ» СТЕЛАСЫ
15.04.2020 Толығырық...
Денсаулық-зор, байлық!!
04.04.2020 Толығырық...
Карантин кезеңінде «Biz birgemiz!»
03.04.2020 Толығырық...
4639559
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
2422
4830
39144
4567880
106924
150760
4639559

Сіздің IP: 18.234.97.53
Уақыт: 2020-10-26 16:49:44
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:

 

 

Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Телефондар:

8 (727) 350-78-88

8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау)

Факс: 2929877

Whats Up: 8 (701) 513 11 55

  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube