Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 350-79-99 (call-center)

8 (701) 513-11-55 (call-center)

8 (701) 233-58-88 (call-center)

8(700) 550-91-22(Helpdesk)

Басты бет

Материалдар

ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚ ПӘНДЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ КАФЕДРАСЫ

13

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қылмыстық құқық, криминалистика және құқық қорғау қызметі кафедрасы академиядағы ежел­гі және жетекші кафедралардың бірі болып табылады. Академияда түрлі жылдары А.Я.Гинзбург, И.Б.Зинкевич, С.А.Табанов, С.А.Поврезнюк, Г.И.Кара­губенов, Н.И.Оганов, К.К.Керимов, тағы да басқа көптеген ғылымның тама­ша қайраткерлері, көрнекті құқықтанушы ғалымдар жұмыс істеді.

001Бүгінде кафедрадағы оқу үрдісі және ғылыми-зерттеу жұмысын кәсіби ше­берлігі жоғары білікті ғалымдар мен кәсібі бойынша жұмыс істейтін тәжіри­белі мамандар: ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі, з.ғ.д., профессор, әділет ісі жөніндегі мемлекеттік кеңесші Д.К.Өтебаев, з.ғ.д., профессор Д.С.Чукмаи­тов, з.ғ.д., профессор М.О.Нукенов, з.ғ.д., профессор З.А.Өмірбаева, з.ғ.д., Г.М.Абдрашев, з.ғ.к., профессор А.И.Новиков, з.ғ.д., ассоц.профессор Т.Т.Бала­шов, з.ғ.к., профессор И.Б.Зинкевич, з.ғ.к., доцент Т.И.Зинкевич, з.ғ.к., доцент С.Т.Әбдірахманов, ассоц.профессор С.П.Вареникова, з.ғ.к., доцент С.С.Казаке­еева, з.ғ.к. доцент К.Т.Терликбаев, з.ғ.к., доцент С.А.Ахметова, з.ғ.к., доцент Р.М.Есболатова, з.ғ.м., аға оқытушы С.М.Мадыхан, з.ғ.м., аға оқытушы Г.Н.Ра­химова. Қазіргі таңда кафедраны з.ғ.д., профессор З.А.Өмірбаева басқарады.

Студенттер негізгі теориялық білім, іс-тәжірибе дағдыларын, маңызы жағынан олардан кем түспейтін кәсіби рух алады. Оларды нағыз заңгер­лердің моральдық қасиеттерін игеруге баулиды: мақсат қойғыштық, пікір талас жүргізе білу, адамдарға және өз ісіне деген махаббат. Міне, дәл осын­дай талаптар өз мамандығының нағыз кәсіби шеберлерін әрі заңи білімнің ежелгі дәстүрлерін жалғастырушы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының құқық қорғау орган­дары жүйесінде бай тәжірибесі бар, ол өз кезегінде студенттерге теориялық білімдермен қатар, құқық қолданудың тәжірибелік дағдыларын да үйретуге үлес қосады.

001Кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі - ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады, оның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қыл­мыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарын жетіл­діру. Кафедра 2011-2014 жылдарға арналған «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің қазіргі кездегі мәселелері» тақырыбы бойынша ке­шендік ғылыми зерттеумен айналысты. 2000 жылы ректордың бастамасы, ғалымдар мен қауымдастықтар ұсынысы бойынша Академияда Қазақстан Республикасының Кримонологиялық ас­социациясы құрылып, президенті Академия ректоры Ө.Ш.Жалаири болды. Кафедра қызметкерлері осы ассоциация шеңберінде және Ресейдің жетекші криминалистерімен және криминологтарымен, мысалы, белгілі профессорлар Т.В.Аверьяновамен, А.Р.Белкинмен, Е.Р.Белкинмен тығыз қарым-қатынас жасайды. Біріге отырып криминалистика жөнінде оқу құралдары мен оқулықтар шығарды.

001Оқу үрдісінде коммуникацияның заманауи құралда­рының көмегімен мультимедиялық оқулық матери­алдары, интерактивті оқыту әдістері кеңінен қолда­нылады: қылмыс оқиғалары мен тергеу әрекеттерін модельдеу арқылы іскерлік ойын, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы әр түрлі сабақтар мен сайыстар, тәжірибелік есептерді шешу. Кафедраның лекциялар мен іс-тәжірибе сабақтарын өткізу үшін заманауи электрондық құралдармен жабдықталған аудиториялары бар.Жекелеген қылмыс түрлерін тергеудің криминалистік тәсілдері мен әдістерін шешу мәселелері жөніндегі іс-тәжірибелік сабақтар студенттерге нақты қылмы­стық істерді шынайы өмірдегіге ұқсатып көрсететін тергеудің ғылыми тәжірибесін жүргізетін арнайы оқу-әдістемелік полигонда өтеді.

Кафедрада дуалды оқу жүйесі ұйымдастырылған, онда кәсіби білім жүйесі тәлімгерліктің дамыған жүйесімен, іс-тәжірибемен ұштасатын оқумен, құқыққорғау органдарының мамандарды даярлау ісі­не белсене қатысуымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда кафедра біздің республикамыздағы да, шетелдегі де жетекші оқу орындарымен серіктестік ынтымақта­стық қарым-қатынас орнатты. Академия аясында да, біздің серіктестеріміздің арнайы оқу орталықтарын­да да іс-тәжірибелік сабақтар өтеді. Академия кәсіби іс-тәжірибелерді өткізу мақсатында ҚР ІІМ, Алматы қаласының прокуратурасы, Алматы қалалық соты, Алматы облыстық соты, Алматы облысының Іле ау­дандық соты, Алматы қаласының әділет Департа­менті, «Атамекен» Арбитраж орталығы, Алматы қа­ласы бойынша сот сараптамасы Институтымен өзара ынтымақтастық және серіктестік жөнінде келісім- шарт пен меморандум жасасты.

001Академияда халықаралық ынтымақтастық мәсе­лелерге байланысты өзара байланысты екі басты бағытқа баса көңіл бөлінеді: халықаралық білім беру және халықаралық ғылыми ынтымақтастық. Бүгінде Академия 25 жоо-мен халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ұтқырлық жөнінде келісім-шарт жасасқан, соның ішінде Германия, Иран, Индонезия, Сингапур, Латвия, Польша, Кипр, т.б.Мамандықтар бойынша сабақ беруге халықаралық ұйымдардан жетекші мамандар тартылады. Мәсе­лен, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде білім ордамыздың шақыруы бойынша Варшава универи­тетінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдары­ның докторлары Т.Гардоцка, М.Хмай, Б.Гжелонски; Өзбекстанның республикалық рухани даму орта­лығынан Г.Маткаримова, профессор, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, академик, Р.Ф.О.Е.Кутафин атын­дағы МГЮА сот сараптамасы институтының директо­ры Россинская Е.Р., т.б.

Жаңалықтар

2020-2021 жаңа оқу жылына, жаңа жатақхананың ашылуы Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
20.05.2020 Толығырық...
Аға оқытушы Күнай Хавдал видео-дәріс
15.05.2020 Толығырық...
Білім беру бағдарламалары туралы ақпараттық роликтер
11.05.2020 Толығырық...
«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқ«Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттерімен олимпиада өткізілді
24.04.2020
«JAS team» командасы-Бәріміз де біргеміз!!!
23.04.2020 Толығырық...
«Өнегелі Өмір»
17.04.2020 Толығырық...
ҚР Конституциялық құқығы оқулығын дайындауда
17.04.2020 Толығырық...
Қылмыстық пәндер кафедрасының отырысы
16.04.2020 Толығырық...
«ӨМІРБҰЛАҚ» СТЕЛАСЫ
15.04.2020 Толығырық...
Денсаулық-зор, байлық!!
04.04.2020 Толығырық...
Карантин кезеңінде «Biz birgemiz!»
03.04.2020 Толығырық...
Ақпараттық хат 2
26.03.2020 Толығырық...
Ақпараттық хат
16.03.2020 Толығырық...
Мерекелік іс-шара "1 наурыз – Қазақстанда Алғыс айту күні»
27.02.2020 Толығырық...
3739375
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
2102
6165
43312
3647968
43312
254068
3739375

Сіздің IP: 3.231.220.225
Уақыт: 2020-06-07 07:27:02
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:

 

 

Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Телефондар:

8 (727) 350-78-88

8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау)

8 (701) 233-58-88 (ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

Факс: 2929877

Whats Up: 8 (701) 513 11 55

  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube