Қабылдау ережесі

Категория: Қосымша мәзір
Қаралды: 1838

Оқуға түсуге тапсырыс жыл бойы қабылданылады:

          Біздің сайт арқылы (құжаттардың көшірмесін email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. жіберсеңіз болады);

          +7 (727) 350-78-88, +7 (701) 513-11-55 телефон арқылы;

          Академияның 1 этажында Қабылдау комиссиясы жұмыс істеді(102 кабинет)

 

Академияның  Қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 25 тамызда аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жұмыс істейді.

Талапкерлердің оқуға түсу туралы өтініштері кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ бұдан әрі) нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 маусымнан 25 тамыз аралығында қабылданады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін  қабылданады.

Кешенді тестілеу келесі түлектер үшін жүргізіледі:

• жалпы орта білім(Орта мектептен кейін), өткен жылғылар;

• техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары(колледжден кейін);

• шетелде халықаралық алмасу арқылы оқытылған орта мектеп оқушылары;

• ҰБТ-ға қатыспаған орта мектеп;

• қазақ және орыс тілдерінде оқыту жүргізілмейтін жалпы білім беретін мектеп;

• ұлттық музыка мектеп-интернаттарының;

• шетел оқу орындарының түлектері.

Кешенді тестілеу 17 - 23 шілде аралығында өткізіледі.

 

Екінші жоғары білім алу үшін өтініштер 20 маусымнан 25 тамыз аралығында қабылданады.

Магистратураға құжаттарды қабылдау 10 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау емтихандары – 10 - 20 тамыз аралығында.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыз.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»