Материалы

Категория: Жаңалықтар
Просмотров: 771

Бірінші курс студенттерінің ректормен кездесуі

IMG 8930

       02.09 2019 күні ректорымыздың бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті, ректорымыз Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири бірінші курс студенттерін академияның дәстүрі бойынша күтіп алды. Сонымен қатар дәстүрлі бірінші курс студенттерінің вальсін билеген грант иегерлеріне студенттік куәлік пен Қазақстан Республикасының Конституциясын табыс етті.

IMG 8750

       Ректор біздің академиядағы алдағы өзгерістер туралы айтып өтті. Студенттер биыл біздің академияда өзінің әскери кафедрасы болатындығына, жаңа үйірмелердің ашылатынына қуанышты болды.

IMG 8942

       Жылдың үздік студенттері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті, түрлі әндер айтты және би биледі. Бұл біздің белсенді, дарынды студенттеріміздің бар екендігінің тағы бір дәлелі.

IMG 8974

Аудиторияда бірінші курс студенттерімен кездесуден кейін, мұғалімдер студенттерге жаңа оқу процесін түсіндірді.

     Біз, бірінші курс студенттеріне біздің академияны таңдағаны үшін және шеруге қатысқан олардың ата-аналарына алғыс айтамыз.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»